2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге Польша да өтініш өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге Польша да өтініш өткізді Алматы Сочиде де өтінішін реми түрде мәлімдеген. Фото: insidethegames.biz

Польша да 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізуге ниет білдіріп, өтініштерін Халықаралық Олимпиада комитетіне өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz insidethegames.biz дерек көзіне сілтеме жасап. Польша Краков қаласын ұсынып отырған көрінеді. Кеше Краков өз өтінішін Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) кеңсесіне өткізген. Польша шенеуніктері Сочи Олимпиадасына ресми бақылаушы ретінде барып, тәжірибе жинақтапты. Краков өз өтінішінде Польша Үкіметі бұл ниеттерін толық қолдайтынын білдірген. Бір қызығы, insidethegames.biz сайты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ең бірінші өтінішін әкеліп өткізген Алматы екендігін де жазыпты (11 наурызда). Әрі Алматының әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары деп есептейтіндіктерін де атүсті сездірген. Сондай-ақ Львов қаласының да өтініштерін ХОК-ке өткізгендерін, бірақ Украинадағы саяси дүрбелеңге байланысты олардың мүмкіндіктері жоғары емес екендігін меңзеген. Жалпы, бүгінде 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге ниет берген қалалар мыналар: Алматы, Львов, Осло, Пекин және Краков. Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізгісі келген қалалар ХОК-ке өтініштерін өткізген соң, олардың құжаттарының топтамасы егжей-тегжей қаралады. Екінші кезеңде арнайы Бағалау комиссиясы ХОК сұрыптауынан өткен қалаларға өз өкілдерін жіберіп (2015 жылдың қаңтар айынан бастап), олардың қазіргі жағдайларымен көзбе-көз танысып, өз қорытындыларын шығарады. Осыдан кейін ХОК-тің 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпурде (Малайзия) өтетін сесиясында үміткер-қалалар тізім жарияланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети