Фото ©news.mail.ru сайтынан
Ресей Федерациясы аумағында енді екі күннен кейін Олимпиада ойындары басталатыны белгілі. Осыған орай маңызды шараның өтуін 40 мың полиция қызметкері мен әскерилер қадағалап, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін болады, - деді Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков. Бұл туралы Tengrinews.kz ВВС Русская служба сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жуков мырза бүгінгідей беймаза уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай шаруа болмай тұрғанын, ланкестер халық көп жиналатын жерлерде өздерінің жымысқы ойларын жүзеге асыруға барынша тырысатынын айта келе британдық мамандардың Олимпиада кезінде ланкестік әрекеттердің орын алу мүмкін деген болжамын жоққа шығаруға Мемлекет қолдан келгеннің барлығын жасайтынын мәлім етті. "Басты қауіп Доку Умаров есімді ланкестен болып отыр. Себебі, ол бұған дейін де Олимпиаданы болдырмау үшін жарылыстар ұйымдастыратыны жөнінде ескерткен болатын. Нақтырақ айтқанда, ол 2013 жылғы маусымда өзінің жақтастарына Олимпиада ойындарын болдырмауға барынша қарсылық көрсетіп, кедергі жасау керек екенін ескерткен болатын. Біз соған қарамастан Олимпиаданың лайықты деңгейде өтуіне толықтай жағдай жасайтын боламыз", - деді А. Жуков. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Сочи мен Олимпиада паркінде мың жарымға жуық бейнекамера орнатылған және ондағы ақпараттардың барлығы диспетчерге түсіп отырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жұмыстар бұған дейін өткізілген жазғы және қысқы Олимпиадалардағыдан әлдеқайда анық байқалуда.
Ресей Федерациясы аумағында енді екі күннен кейін Олимпиада ойындары басталатыны белгілі. Осыған орай маңызды шараның өтуін 40 мың полиция қызметкері мен әскерилер қадағалап, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін болады, - деді Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков. Бұл туралы Tengrinews.kz ВВС Русская служба сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жуков мырза бүгінгідей беймаза уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай шаруа болмай тұрғанын, ланкестер халық көп жиналатын жерлерде өздерінің жымысқы ойларын жүзеге асыруға барынша тырысатынын айта келе британдық мамандардың Олимпиада кезінде ланкестік әрекеттердің орын алу мүмкін деген болжамын жоққа шығаруға Мемлекет қолдан келгеннің барлығын жасайтынын мәлім етті.
"Басты қауіп Доку Умаров есімді ланкестен болып отыр. Себебі, ол бұған дейін де Олимпиаданы болдырмау үшін жарылыстар ұйымдастыратыны жөнінде ескерткен болатын. Нақтырақ айтқанда, ол 2013 жылғы маусымда өзінің жақтастарына Олимпиада ойындарын болдырмауға барынша қарсылық көрсетіп, кедергі жасау керек екенін ескерткен болатын. Біз соған қарамастан Олимпиаданың лайықты деңгейде өтуіне толықтай жағдай жасайтын боламыз", - деді А. Жуков.
Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Сочи мен Олимпиада паркінде мың жарымға жуық бейнекамера орнатылған және ондағы ақпараттардың барлығы диспетчерге түсіп отырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жұмыстар бұған дейін өткізілген жазғы және қысқы Олимпиадалардағыдан әлдеқайда анық байқалуда.