56 жастағы қазақстандық Омбыдағы жартылай марафонында алтыншы рет жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

56 жастағы қазақстандық Омбыдағы жартылай марафонында алтыншы рет жеңімпаз атанды © Оmskzdes.ru

56 жастағы қостанайлық Сергей Поликарпов Ресейдің Омбы қаласында өткен Көктемгі жартылай марафонында алтыншы рет жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Омск здесь".

ПОДЕЛИТЬСЯ

56 жастағы қостанайлық Сергей Поликарпов Ресейдің Омбы қаласында өткен Көктемгі жартылай марафонында алтыншы рет жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Омск здесь".

XX Көктемгі жартылай марафон 24 мамырда өтті. Шара қатысушылары үш қашықтықта сынға түсті: 21,1 шақырым, 5 және 10 шақырым. Барлығының назары қазақстандық қатысушыда болды. "Барлығы 56 жастағы Сергей Поликарповтан жеңісті тартып алтын адам табылатын шығар деп ойлады. Ол 2010 жылдан бері чемпион болып келеді. Алтын жүлдені кезекті рет қазақстандық жеңіп алды. Ол алтыншы рет чемпион атанып, өте жақсы нәтиже көрсетті", - деді басылым.

Қазақстандық қашықтықты 1 сағат 14 минутта жүгіріп өтті. "Қиынырақ болды, дегенмен аздап демалып алдым да жарысты жалғастырдым. 10 секунд екпініңді бәсеңдетсең, сен демалып аласың", - деді Сергей Поликарпов.

Жартылай марафонға Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Польша, Тәжікстан мен Франциядан 1160 адам қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети