27 желтоқсан 2014 | 19:47

Africa Eco Race-2015 ралли-марафонына Қазақстаннан бес экипаж қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Withrally.ru ©Withrally.ru

Africa Eco Race-2015 ралли-марафонына Қазақстаннан бес экипаж қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Спорт жарысы 28 желтоқсанда Францияның оңтүстігіндегі Сен-Сипрен қаласында өтеді. Жол талғамайтын көліктер жарысатын категорияда Т2 тобында Nissan Patrol автомобилімен Марат Әбіқаев шығады. Андрей Чипенко Қазақстанның Авто-мотоспорт федерациясының президент штурманы болады. Экипаж Off Road Kazakhstan командасының атынан шығады.


Иконка комментария блок соц сети

Africa Eco Race-2015 ралли-марафонына Қазақстаннан бес экипаж қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Спорт жарысы 28 желтоқсанда Францияның оңтүстігіндегі Сен-Сипрен қаласында өтеді. Жол талғамайтын көліктер жарысатын категорияда Т2 тобында Nissan Patrol автомобилімен Марат Әбіқаев шығады. Андрей Чипенко Қазақстанның Авто-мотоспорт федерациясының президент штурманы болады. Экипаж Off Road Kazakhstan командасының атынан шығады.

Сонымен қатар, команда атынан Андрей Чередников пен Дмитрий Цыро қатысады, олар Т1 тобында Hummer H3 прототипімен жүріп өтеді. Бұл топта Mobilex Racing Team командасынан тағы да екі қазақстандық экипаж жарысқа түседі. Олар - Toyota Hilux Overdrive прототипіндегі Қанат Шағыров пен Александр Мороз және Hummer H3-те Юрий Сазанов пен Арлсан Сахимов. 

"Сол команда, сол құрам. Ештеңе өзгермеді. Бізде бір жыл дайындық болды ғой, бүкіл әлем чемпионаты, 10 кезең. Қазір мақсат пен сенім артты, алға қойған мақсат - бестікке кіру. Дайынбыз, техникалық және физикалық түрде дайындалдық. Серуендеу үшін емес, жеңу үшін бара жатырмыз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс бағыты сол күйінде қалды, бірақ жол өзгерді. Сол жылы болған жол болмайды, бұл жаңа бағыттар болады. Жүруге қиындық түсіретін құмы да, дөңес те, тас та көп, сондықтан үш қосалқы дөңгелектен алу керек", - деді Mobilex Racing Team команда мүшелерінің бірі Юрий Сазонов.

Айта кетейік, қазақстандық жол талғамайтын көліктер жолға бірге шығады. Шағыров - Мороз 215, Сазонов - Сахимов - 216-шы, Әбіқаев - Чипенко - 217-ші, ал Черендиков - Цыро 218-ші. 104 нөмірмен Mobilex Racing Team командасынан мотоциклмен Вадим Притуляк жарысады. Жалпы ралли-марафонға 200 техника және 500 адам қатысады.

Сонымен, 28 желтоқсанда, әкімшілік және техникалық тексеруден және шараның салтанатты түрде ашылуынан кейін ралли-марафон Испанияға, Мароккоға, Мавританияға және Сенегалға бағыт алады. Жарысқа қатысушылар жалпы қашықтығы 6337 шақырым болатын 12 кезеңнен өтуі керек. Оның 3430 шақырымы - арнайы аумақтар. Жарыстың ашылу салтанаты 2015 жылы 11 қаңтарда Дакардағы (Сенегал) Қызғылт көлде басталады. Жарысты Vesti.kz сайтында бақылап отырыңыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети