Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Baku fires - Astana arlans: Әзірбайжандықтар құрамын өзгертті

20 Қаңтар 2014, 14:55
0
Baku fires - Astana arlans. Сурет flickr.com сайтынан
Baku fires - Astana arlans. Сурет flickr.com сайтынан
Бүгін Әзірбайжанның Губа қаласында "Астана арландары" жергілікті Baku fires командасымен жекпе-жек кешін өткізеді. Екі клубтың да басшылары жеңіске жетуге тырысамыз деп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше салмақ өлшеу рәсімі өтіп, Baku fires командасы 81 келідегі боксшысын алмастырғаны белгілі болды. Нақты айтсақ, әзірбайжандықтар Рамазан Магомедовтың орнына Самир Магомедовты шығармақ. 24 жастағы Самир үшін бұл жекпе-жек WSB додасының аясындағы алғашқы айқас болады.

Дегенмен, "Астана арландары" командасында да 81 келіде өзгерістің орын алуы мүмкін еді. Ирандық легионеріміз Эхсан Роузбаханидің құжаттары дер кезінде реттелмей, боксшымыз салмақ өлшеу рәсіміне кешігіп қала жаздады. Егер шаршы алаңға Эхсан шықпағанда оның орнын қандасымыз Данабек Сужанов алмастыруы мүмкін еді.

"Рамазан Магомедовтың жарақаты бүкіл жоспарымызды бұзды. Сондықтан, оның орнына Самир Мамедовты шығаруға мәжбүрміз. Бір жағынан Мамедов үшін өз мықтылығын көрсетуге керемет мүмкіндік туып тұр. Оған үлкен сенім артып отырмыз. Жалпы, қалайда "Арландарды" жеңуіміз қажет. Егер сенімді ақтай алмаған боксшылар болса, онда командадан шығарып тастауға дейін барамыз", - деді Baku fires командасының бас директоры Резван Ганджиев.

"Арландардың" да Әзірбайжанға тек жеңіс үшін аттанғандары хақ. Баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген клуб директоры Болат Манкенов те ертеңгі жекпе-жек кешінен жеңіс күтетінін жасырмады.

"Біз Baku fires командасымен бір жағынан доспыз, бір жағынан бәсекелеспіз. Иә, әлбетте әзірбайжандықтар да топ фавориттерінің бірі. Бірақ біз де қарап қалмаспыз. Қалайда жеңіске жетуге тырысамыз. Неде болса, бізді қызықты айқастар күтіп тұрған сыңайлы. Жалпы, әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрама боксшылары демалып жатыр. Бірақ биыл әлем чемпионаты өтпейді. Сондықтан, Қазақстан боксының барлық мықтыларын "Астана арландары" командасынан көретін боласыздар", - деді Болат Тоқтарұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжанның Губа қаласында өтетін «Baku fires» пен «Астана арландары» арасындағы жекпе-жек кешін қазақстандық бокссүйер қауым 18 қаңтар күні «КазСпорт» телеарнасынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы сағат – 21:00.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай