Кеше Жапонияның Саитаме қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталды. Біздің елдің атынан жалғыз өзі сынға түскен Абзал Рақымғалиев ерлер арасында 20-орынмен шектелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кеше Жапонияның Саитаме қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталды. Біздің елдің атынан жалғыз өзі сынға түскен Абзал Рақымғалиев ерлер арасында 20-орынмен шектелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Абзал қысқа бағдарламада 24-орынға ие болып, еркін бағдарламада бақ сынайтын 24 спортшының қатарына соңы болып іліккен. Ал еркін бағдарламада төрт саты жоғарылап, әлем чемпионатын 20-орынмен тамамдады (183, 55 ұпаймен).
Бірінші орынды Сочи Олимпиадасының чемпионы, жапон жігіті Юзуру Ханью (282,59 ұпай) жеңіп алды. Сөйтіп, ол биылғы маусымдағы екі дүбірлі додада алдына жан салмады. Екінші орынды оның отандасы Тацуки Мачида иеленді (282,26 ұпай). Қола медаль Испан үміті Хавьер Фернандеске (275,93 ұпай) бұйырды.
Жалпы, биылғы әлем чемпионатында төрт медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Жапонияның қыз-жігіттері иеленді (екі алтын, бір күміс). Италия спортшылары бір алтын, бір қола жүлдемен екінші болды. Германия спорттық жұптағы бір алтынының арқасында үшінші орынды еншіледі.
Ал өз жеріндегі Сочи Олимпиадасында сарапқа салынған бес медаль жиынтығынан үш алтын, бір күміс, бір қола алған Ресейдің мәнерлепсырғанаушылары Жапонияда екі күміс жүлдемен төртінші орында қалды.