ӘЧ-2014: Нигерия - Аргентина және басқа да кездесулер туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘЧ-2014: Нигерия - Аргентина және басқа да кездесулер туралы ©Ru.freepik.com

Бразилиядағы әлем чемпионатының он төртінші күнінде "F"  және "E"  тобындағы командалардың үшінші тур ойындары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилиядағы әлем чемпионатының он төртінші күнінде "F"  және "E"  тобындағы командалардың үшінші тур ойындары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Он үшінші ойын күнін "F" тобындағы командалар бастайды. Астана уақытымен 21.50-де басталатын Нигерия және Аргентина құрамалары арасындағы кездесуді "Еуразия" Бірінші арнасы" тікелей эфирде көрсетеді. Ал топтағы Босния және Герцеговина - Иран матчын "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арнасы тікелей таратады. 

Ал Астана уақыты бойынша сағат 01.50-де "Е" тобындағы ойындар басталады. Бұл топтағы Эквадор және Франция арасындағы кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport-тан көре аламыз. Дәл осы уақытта "Еуразия" Бірінші арнасы" бұл топтағы Гондурас және Швейцария арасындағы матчты ұсынады.

Еске салайық, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Чемпионаттың толық кестесімен мына жерден танысуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети