29 қыркүйек 2021 15:41

ӘЧ бірінші жартылай финалын қайдан және қашан көруге болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©twitter.com/Argentina

Бүгін Литвада Бразилия мен Аргентина арасында футзалдан әлем чемпионатының бірінші жартылай финалы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Литвада Бразилия мен Аргентина арасында футзалдан әлем чемпионатының бірінші жартылай финалы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Литваның Каунас қаласында өтеді, Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Тікелей эфирді арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Жартылай финалдан бұрын бразилиялықтар Жапонияны 4:2 (1/8 финал), Марокконы 1:0 есебімен (1/4 финал) ұтты, ал аргентиналықтар Парагвайдан 6:1 есебінде (1/8 финал), Ресейден 1:1, пенальтиде 5:4 (ширек финал) есебінде мықты өнер көрсетті. Сонымен қатар, Аргентина - қазір әлем чемпионы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Иранды жеңіп, футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Финалға шығу үшін Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйекте өтеді.

Үшінші орын мен финал үшін матч 3 қазанға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram