Адесанья Костаны нокаутқа түсіріп, UFC чемпионы атағын қорғап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адесанья Костаны нокаутқа түсіріп, UFC чемпионы атағын қорғап қалды Сурет: twitter.com/mmafighting

Исраэль Адесанья Абу-Дабиде Пауло Костаны нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғап қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исраэль Адесанья Абу-Дабиде Пауло Костаны нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғап қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

UFC 253 турнирінің басты оқиғасы Адесанья мен Коста арасындағы жекпе-жек болды. Кезедесу нәтижесі екінші раундта шешілді. Адесанья Костаны сол жақ бүйірінен нокдаунға түсіріп, кейін тоқтаусыз соққыларымен төрешіні жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр етті.

Осылайша Адесанья атағын екінші рет қорғап қалды. Бұл оның карьерасындағы 20-шы жеңіс. Ал Коста алғаш реш жеңіліске ұшырады, оның қанжығасында 13 жеңіс бар.

Турнирдегі тағы бір басты жекпе-жектердің бірі Ян Блахович пен Доминик Рейес арасында өтті. Олар орта ауыр салмақтағы титул үшін таласты. Нәтижесінде, екінші раундта Блахович күтпеген жерден қарсыласын нокаутқа түсіріп, UFC титулын жеңді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети