Africa Eco Race-2015 ралли-марафонында екі кезеңнің қорытындысы бойынша, қазақстандық үш экипаж ТОП-10 үздіктер қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Africa Eco Race-2015 ралли-марафонында екі кезеңнің қорытындысы бойынша, қазақстандық үш экипаж ТОП-10 үздіктер қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Africa Eco Race-2015 ралли-марафонында екінші кезеңде жарысушылар Жорф Әл Хамамнан Тагонитке дейінгі қашықтықты жүріп өтті. Жалпы қашықтық 438 шақырым болса, оның 377 шақырымы - арнайы аумақ. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша, француз экипажы - Мэтью Шеррадори мен Дидье Хайет жеңімпаз атанды. Олар Predator командасының атынан шықты, жарысқа қатысу нөмірі - 211. Жеңімпаздар бұл қашықтықты 4 сағат, 21 минут және 36 секундта жүріп өтті.
Ал қазақстандық экипаждардың ішінде үздік көрсеткішті Юрий Сазонов пен Арслан Сазимов (Hummer H3, 216) көрсетті. Олар - Mobilex Racing Team командасының өкілі. Қашықтықты 4 сағат, 27 минут және 33 секунд уақытта жүріп өтіп, Т1 тобында үшінші, ал жалпы командалар арасында төртінші орынды місе тұтты. Осының арқасында Сазонов пен Сахимов Т1 тобында және екі кезең бойынша жалпы команадалар есебінде екінші орынға шықты, олардың алдында 1 минут 32 секундқа ерте келген чех командасы (Hummer H3) ғана тұр. Ал мотоциклмен жарысатын қазақстандық жалғыз спортшы әрі Mobilex Racing Team командасының атынан шығатын Вадим Притуляк (104) кезең қорытындысында бірінші болып келді, ал барлық мотоциклшілердің арасында - үшінші. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.