10 қаңтар 2015 | 12:55

Africa Eco Race-2015 ралли-марафонының 10-кезеңінде қазақстандық экипаж бірінші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Africa Eco Race-2015 ралли-марафонының оныншы кезеңі Тоуэйлде аяқталды (Мавритания), - деп хабарлайды Vesti.kz. Жарысушылар 348 шақырымды жүріп өтті, оның 342 шақырымы есепке алынды.


Иконка комментария блок соц сети

Africa Eco Race-2015 ралли-марафонының оныншы кезеңі Тоуэйлде аяқталды (Мавритания), - деп хабарлайды Vesti.kz. Жарысушылар 348 шақырымды жүріп өтті, оның 342 шақырымы есепке алынды.

Қазақстандық жарысушылардың арасында 10-шы кезеңде Қанат Шәгіров пен Александр Мороздың (Toyota Hilux Overdrive, 215-ші номерде) экипажы болды, олар Mobilex Racing Team командасының атынан шықты. Олар Т1 тобында екінші болып, ал жалпы есепте төртінші орында келді.

Off Road Kazakhstan командасының өкілдері Марат Әбіқаев пен Андрей Чипенко (Nissan Patrol, 217-ші номерде) оныншы кезеңде бірінші болып келді, жалпы есепте олар - сегізінші. Айта кетейік, бұл экипаж Africa Eco Race-2015 ралли-марафонында Т2 тобында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық жалғыз қатысушылар. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

11-ші кезеңде олар Тоуэлден Сан Луиске дейінгі қашықтықты жүріп өтеді. Экипаждар 20 шақырым жолды құмды, дөң жерлермен жүруі керек. Еске сала кетейік, Africa Eco Race-2015 ралли-марафоны 28 желтоқсанда басталды, жарыс 2015 жылдың 11 қаңтарында Дакардағы Қызлғыт көлінде аяқталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети