Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ахметов Мәскеудегі танк биатлоны чемпионатына қатысушыларға сәттілік тіледі

16 Тамыз 2014, 14:04
0
Фото tengrinews ©
Фото tengrinews ©

Мәскеудің "Алабино" полигонында өтіп жатқан танк биатлоны чемпионатына қатысушы қазақстандық танкистерге еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметов сәттілік тіледі, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Шараның қорытынды кезеңі өтердің алдында Ахметов қазақстандық танк биатлоншыларымен кездесті. Ол кездесу барысында экипаж мүшелеріне сәттілік тіледі.

"Үздік экипаж жақсы марапатқа, қомақты сыйлыққа лайық. Негізінде барлық қатысушыларды марапаттау ойда бар. Бірақ ең үздік шыққандардың алатын сый-құрметі бөлек" - деді Ахметов танкистерге. 

Айта кету керек, бүгін өз мәресіне жететін танк биатлоны чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орында тұр. Қазақстандықтар тек Ресей командасына ғана есе жіберуде. Үшінші орында ҚХР, ал төртінші орында Армения құрамасы тұр. Чемпионат ережесі бойынша бірінші төрттікте тұрған құрамалар жеңімпаз саналады.

Еске салайық, "Танк биатлоны-2014" бірінші әлем чемпионатына 12 елдің командасы келген. Олар: Қытай, Кувейт, Моңғолия, Қырғызстан, Беларусь, Үндістан және тағы басқа елдер. Жарыс төрт бөлімнен тұрады. Әр қатысушы командадан үш экипаж қатысуда. Олардың барлығы жарыста ресейлік Т-72Б танктерімен бақ сынауда.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай