03 ақпан 2014 16:02

Ақ Олимпиададағы алғашқы алтынымыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет fanstorpedo.com сайтынан Сурет fanstorpedo.com сайтынан

Қысқы Олимпиада ойындары тарихында Қазақстан спортшылары алғаш рет жүлдеге 1976 жылы Инсбрукте қол жеткізген, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. 7-23 ақпан аралығында Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына санаулы күндер ғана қалды. Қазақстан спорты шежіресіндегі қысқы Олимпиада ойындары жайлы тарихи деректерге тоқталуымызды одан әрі жалғастырамыз. Бүгін қысқы Олимпиада ойындарында алғаш рет қашан, кім жүлде алғанына тоқталып өтпекпіз. 1976 жылы Инсбрукте өткен ХІІ қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан спортшылары үшін өте олжалы болады. Тіпті алғаш рет қысқы Олимпиада алтынына да қол жеткіздік. Австрияда марқұм Борис Александров қысқы Олимпиада ойындарының саф алтынын өңірінде жарқыратты. Әйгілі хоккейші 1976 жылғы КСРО құрамасы сапында Инсбругте жалауы желбіреген Олимпиада ойындарының чемпионы болды. Ол Кеңес Одағы құрамасы өткізген 7 кездесудің үшеуінде айдынға шығады: 3-ақпанда Австриямен, 8-ақпанда Польшамен және 12-ақпандаі Финляндиямен. Польшамен ойнағанда Б.Михайловтың орнына шығып, Петровпен және Харламовпен бірге бірінші бестікте ойнайды да, 2 гол соғады. Бірнеше жыл Ресейде, одан соң шетелдерде өнер көрсеткен Б.Александров – шайбалы хоккейден Қазақстан құрама командасының бас бапкері болған. 2002 жылы 31 шілдеде автокөлік апатынан қаза тапты. Инсбруг төрінде әйгілі шаңғышымыз Иван Гаранин 30 шақырымдық алыс қашықтықта қола жүлдені жеңіп алды. Одан соң КСРО құрамасы сапында 4х10 шақырымдық эстафетадада бәйгеге түсіп, осы жетістігін қайталады. КСРО-ның 7 дүркін чемпионы болған Рудныйдан шыққан шаңғышы 15 шақырымдық бәйгеде жүлделі орындарға бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтаған, деп ақпарат таратады «Алаш айнасы». Осы Олимпиадада алматылық конькиші Сергей Рябев те 1500 метрлік қашықтықта төртінші орынға ие болып, Олимп жүлдесіне сынық сүйем жетпей, өзегі өртенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети