Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ақжүрек Таңатаров алғашқы айналымнан аса алмады

24 Сәуір 2014, 13:53
0
©Confederation.kz
©Confederation.kz

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров бірінші белдесуінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еркін күрестен 74 келі салмақта боз кілемге шыққан Ақжүрек алғашқы белдесуінде жапон балуаны Риоки Яманкеге жеңіліп қалды. Дегенмен Таңатаров үшін турнир аяқталған жоқ. Енді ол жапон балуанының тілеуін тілейтін болады. Егер Риоки турнирдің финалдық кезеңіне дейін жететін болса, онда Ақжүрек үшінші орын үшін жұбату белдесуіне қатыса алады. 

Еске салайық, Астанада өтіп жатқан Азия біріншілінінің алғашқы жарыс күнінде Расул Қалиев алтын, Аслан Кахидзе күміс және Дәулет Шабанбай қола медаль алған болатын. Ал бүгін боз кілемге Таңатаровтан өзге Дәулет Ниязбеков, Азамат Өміржанов, Әлихан Жұмаев сынды балуандарымыз шығады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай