21 желтоқсан 2020 | 19:36

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 273 татами шебері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 273 татами шебері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі пандемия жағдайында аса сақтықпен және жауапкершілікпен, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра Маңғыстау облысының дзюдо федерациясы Қазақстан дзюдо федерациясымен бірлесе ұйымдастырды.

"Коронавирус пандемиясының қауіптілігін ескере отырып, осындай қиын кезеңде батылдық танытып, ел біріншілігін өткізу оңай шешім емес. Аталған жарыс әуелі Атырауда жоспарланған болатын. Одан кейін елордада өткізуді қарастырғанмен, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ақтауға ауыстырылды. Ұзақ үзілісте татамиден тыс қалған дзюдошылар үшін бүгінгі жарыс аса қажет болатын. Бүгінгі ел біріншілігінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық құрамасы жасақталады", - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров.

Жылдың ең маңызды жарысы саналатын ел біріншілігіне ұлттық құрама сапынан барлық дзюдошы татамиге шықты. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрама сапына қосылып, алдағы жаңа Олимпиадалық циклге резерв жасақталады.

"Ақтау татамиінде жаңа есімдер шығып жатыр. Жеңімпаздар қатарынан табылмаса да, белдесу барысында көзге түскен, күрес стилі ерекше жас балуандар көп болды. Ұлттық құрама спортшыларының ізін басатын мықты жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Ересектермен қатар ел чемпионатында жасөспірімдер мен жастар құрамасынан балуандар қатысты. Олар біздің болашағымыз. Дәл осы балуандарды келесі Олимпиадалық кезеңге, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дайындайтын боламыз", - деді бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев.

Өз кезегінде ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаров жарыстың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

"Жарыстың қысқа уақыт ішінде өте жоғары деңгейде, аса жауапкершілікпен ұйымдастырылғанын ескерген жөн. Қазақстан чемпионатын өткізуге және тыңғылықты ұйымдастыруға ат салысқан, атап айтқанда, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен Асылбек Жолдыбаев бастаған Маңғыстау облысының дзюдо федерациясына алғысым шексіз", - деп, сөзін түйіндеді федерация президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети