Ақтаулық егіз тхэквондо жарысының финалына шығып, жеңімпазды жекпе-жексіз анықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық егіз тхэквондо жарысының финалына шығып, жеңімпазды жекпе-жексіз анықтады Видеодан алынған

Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде жекпе-жектен бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде жекпе-жектен бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз "тас, қайшы, қағаз" ойыны арқылы анықталды. Бұл "текетіресте" Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ащы Жаңалықтар/Халық даусы (@rezonans_news)

2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы тхэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден аса спортшы қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети