Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды

Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионы Александр Винкоуров 45-49 жас аралығында IRONMAN әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Қазіргі уақытта үлкен триатлонда маусымның басты старты Коне (Гавай, АҚШ) қаласында өтіп жатыр. Олимпиада чемпионы өз қоржынына Ironman ең басты турнирінде әлем чемпионы бас жүлдесін салды. Винокуров 3,8 шақырымды 1:09:06-да жүзіп өтті. Осының арқасында ол 148-ші орын алды.

Винокуров велокезеңде өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Александр 180 шақырымды 4 сағат 21 минут 6 секундта бағындырды. Осы жарыста қазақстандық спортшы көшбасшы болды. 

Жүгіру кезеңі, марафон кезінде, Винокуров 3 сағат 12 минут 17 секундта мәреге жетті. Жарыстың үш кезеңіне жұмсаған уақыты 8:48:24. Өз жасындағылар арасында ол үздік нәтиже көрсетті. Ал барлық қатысушылар арасында ол 43-ші болды. Былтыр, ол осы жарысты 9 сағат 13 минут 38 секундта бағындырып, алтыншы болған еді. 

Айта кетейік, Коне қаласында өткен әлем біріншілігіне қазақстандық Дина Саян, Павел Артюшенко және Алексей Сидоренко қатысты. Олардың нәтижесі мәре сызығына жеткен уақытта көрсетіледі. 

Фото және видеоны "Алматы Марафон" директоры Салтанат Қазыбаева жолдады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети