Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни командадан неліктен кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни командадан неліктен кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алексей Нидің орнынан кеткені туралы 25 қарашада белгілі болды. Қазақстан құрамасында ол 1994 жылдан бері жұмыс істеп, алты Олимпиада ойындары мен 15 әлем чемпионатына сопртшыларды жаттықтырған.
Соңғы айларда Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлеттерді жеті медалінен айырды (бес алтын, бір күміс және бір қола).
"Мен Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметінен өз еркіммен кеттім. Бұл туралы мен алғаш рет Риодағы Олимпиада алдында ойланғанмын, балаларымның допинг-сынамасын қайта тексеру басталған кезде. Ол кезде цейтнот болды, команданы дайындап, алға жүру керек еді. Мен өз мойныма алған міндеттерді орындау керек болдым. Сол кезде-ақ, егер балаларды қорғап қала алмасақ, олар жүлделерінен айырылса, мен де бұл орында отыра бере алмаймын, бірге кетемін деп шешкенмін. Жақын арада жаңа бапкер тағайындалады.
Бірнеше күн бұрын ғана Илья Ильинді қос Олимпиаданың алтын жүлдесінен айыру туралы ХОК шешімі шықты. ХОК және WADA жұмыстарын қорытындылап, бес алтын, бір күміс және бір қола жүлделерімізді қайтарып алды. Мен бұл екі Олимпиада кезінде бас бапкер болдым, сондықтан командам үшін жауаптымын.
Мен біздің спорт басшылығына менің арызымды қабылдағанына ризалығымды білдіремін. Барлық қазақстандықтарға осы уақытқа дейін маған және менің командамды демеп келгені үшін бөлек алғыс айтқым келеді. Менің орнымнан кетуім - бұл жүлдесінен айырып, Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салған спорттық отбасыма білдірген тілектестігім, кінәмді мойындау емес. Спортшыларымызды жарыстан тыс қалдыру уақыты қысқа болады деген үміттемін", - деді Алексей Ни.