"Әлем барысы" чемпионатында Айбек Нұғымаров жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлем барысы" чемпионатында Айбек Нұғымаров жеңді "Әлем барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров. © instagram/aibeknugymarovofficial

Алматыда 2 желтоқсанда қазақша күрестен өткен "Әлем барысы" әлем чемпионатында өткен жылғы чемпион шығыс қазақстандық Айбек Нұғымаров жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2 желтоқсанда қазақша күрестен өткен "Әлем барысы" әлем чемпионатында өткен жылғы чемпион шығыс қазақстандық Айбек Нұғымаров жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалда Нұғымаров Түркістан облысынан қатысқан Ерсұлтан Мұзаппаровтан басым түсті. Екі спортшының салмағында жер мен көктей айырмашылық болды. Нұғымаров турнирге бір күн қалғанда 140 келіні көрсеткен, ал қарсыласы - 90 келі.

Осылайша, Нұғымаров "Әлем барысы" чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды. Турнирдің алтын белдігінен бөлек ол 10 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Мұзаппаровқа алты миллион теңге бұйырды.

Қола медаль иесі - ресейлік Роман Бобиков. Ол күреспей-ақ үш миллион теңге көлемінде гонорар алды, себебі грузин Гурам Тушишвили жарысқа қатысудан бас тартқан.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен турнирге әлемнің 29 елінен 33 спортшы қатысты. Бұл спорттық шараны көруге үш мыңнан аса көрермен жиналды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети