Әлем біріншілігін қабылдайтын алты стадионда Wi-Fi болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем біріншілігін қабылдайтын алты стадионда Wi-Fi болмайды Сурет: images.aif.ru

Футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын Бразилияның алты стадионында ғаламторға тегін қосатын Wi-Fi құрылғылары болмайды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын Бразилияның алты стадионында ғаламторға тегін қосатын Wi-Fi құрылғылары болмайды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Басылымның хабарлауынша, әлем біріншілігі кезінде Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Форталеза, Ресифи, Куритибе және Наталдегі стадиондарда жанкүйерлер мен тілшілер тегін Wi-Fi-ді қолдана алмайды.

Әуелде бразилиялық шенеуніктер 2G, 3G және 4G желілерінің жұмысын азайту үшін барлық стадиондарда сымсыз Wi-Fi құрылғыларын орнатуды жоспарлаған. Бірақ Бразилияның телекоммуникация компаниялары басшылары мен стадион жетекшілері келісімге келе алмай, салдарынан жоғарыдағы алты стадионға ғаламтор орнатылмаған. 

Дәл қазіргі уақытта Бразилияның Бразилиа, Порту-Алегри, Сальвадор, Рио-де-Жанейро, Манаус және Куяб қалаларындағы стадиондарда ғана Wi-Fi бар. 

Еске салайық, әлем чемпионаты 12-ші маусым және 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети