Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Астанадағы Гран-придің қорытындысын шығарып, Кореяда өткелі отырған Азия ойындарында қандай жүлде алуымыз мүмкін екенін айтып, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары алдында ұлттық құрамамызды күшейтіп алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Астанадағы Гран-придің қорытындысын шығарып, Кореяда өткелі отырған Азия ойындарында қандай жүлде алуымыз мүмкін екенін айтып, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары алдында ұлттық құрамамызды күшейтіп алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Бұл сайыс бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Одан бөлек бұл жарыс мол тәжірибе жинауға да мүмкіндік береді. Қазақстан федерациясы үшін әлемнің ең таңдаулы таэквондо сайыпқырандарын бір мезетте қарсы алу зор мәртебе болып табылады. Олардың арасында олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Бұл Гран-приге ТОП-35-ке кіретін спортшылар ғана қатыса алады. Ал Қазақстанда ондай жоғарғы деңгейдегі спортшылар қатарына тек Феруза Ергешова ғана кіретіні белгілі. Ал қалған сегіз спортшыны біз шараны ұйымдастырушы ел ретінде қатыстырғалы отырмыз. Бұл біз секілді өте жас құрамаға мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Себебі біздік спортшылар есімі әлемге әйгілі таэквондошылармен бірге дайындалуына мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан біз қазақстандық спортшыларға зор үміт артамыз. Олар жарап тұр. Осындай айтулы бәсекеде біздің спортшылар екінші айналымға шықты. Мәселен, Фариза бірінші ойында қарсыласын жеңгенімен, ал екінші айналымда жарыс жеңімпазына есе жіберіп алды. Ал Нұрсұлтан Мамаев қызуқандылыққа бой алдырып алды. Айта кетейік, Нұрсұлтан бұған дейін G1 категория турнирінде жеңімпаз атанған", - деді Вячеслав Ким.
Ол сондай-ақ Vesti.kz-ке берген сұқбатында Түркия мен Корея елінен легионерлер тарту жайын да сөз етті. "Түркиядан келген Жансая Дениз Астанада өткен Гран-приде екінші айналымға дейін жетті. Біз осы спортшыға ұсыныс жасауымыз мүмкін, кореялық Ким Бонг Сумен арада келіссөз жүргізілді.
Айта кетейік, Астанада таэквондодан әлемдік Гран-при өткен болатын. Оған спорттың осы түрінен есімі әлемге әйгілі атақтылар қатысқан болатын. 2014 жылдың соңында ұлттық құрамамызды шетелдіктермен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан әзірге Инчхондағы Азия ойындарында тек өзіміздің спортшыларға ғана иек артып отыр.