Әлемде топ жарған жас боксшыларымызға сыйақы табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде топ жарған жас боксшыларымызға сыйақы табысталды Фото kfb.kz сайтынан алынды

Бокстан Софияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан құрамасына ақшалай сыйақы табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Софияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан құрамасына ақшалай сыйақы табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Федерация басшысы өз сөзінде жас боксшыларымыздың бүкіләлемдік біріншіліктегі жоғары көрсеткіштері ерен жетістік екенін, сондай-ақ мұның Қазақстан халқының Бірлігі күніне тамаша тарту болғандығын да айрықша атап өтті.

12 жыл бойы жастар арсындағы әлем чемпионатында алтынға зар болып жүрген Қазақстан боксы мектебінің түлектері София төрінде екі рет еліміздің Әнұранын құйқылжытып, жалпы командалық есепте де үздік шықты.

Т.А.Құлыбаев ел боксының абыройын асқақтатып, жеңісті жолын жалғастыра беретін жас таланттарымыздың жетіліп келе жатқандығын, тіпті осы бозбалалардың ішінен қайсыбіреуінің Рио Олимпиадасында баруы да ықтимал екендігін тілге тиек етті.

Осындай жоғары жетістікке қол жеткізген боксшылар мен бапкерлерді марапатау ережесіне сәйкес, ақшалай сыйақылар жастар құрамасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебаевқа, бапкер Әділ Басығараевқа, әлем чемпиондары Шалқар Айқынбай мен Абылайхан Жүсіповке, күміс жүлдегерлер Сұлтан Зауырбек пен Вадим Казаковқа табыс етілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети