17 наурыз 2019 | 13:27

Әлемдік рекорд орнатқан қазақстандық спортшы әлем біріншілігінде үздік ауыратлет атанды

Сайхан Тайсуев. © olympic.kz

Қазақстандық спортшы Сайхан Тайсуев жастар арасындағы әлем біріншілігі-2019 жарысында үздік ауыр атлет атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық спортшы Сайхан Тайсуев жастар арасындағы әлем біріншілігі-2019 жарысында үздік ауыр атлет атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшы жеңімпаз атанды. 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. 

Реклама
Реклама

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді. Сонымен қатар, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді. 

Қыздар арасында үздік ауыратлет атағын Өзбекстаннан келген Кумушхон Файзуллаева иеленді, ол 64 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, рекорд жаңартты. 

Еске салайық, Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық команда бес алтын медаль ұтып алды. Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы команда қоржынына алтын жүлде алып келді. 81 келіге дейінгі салмақта Ольга Пастухова екі жаттығу қорытындысы бойынша 215 (жұлқа көтеруде - 92, серпе көтеруде - 123) келіні бағындырып, әлем чемпионы атағын кезекті рет алды.

Рахат Бекболат та әлем чемпионатында бақ сынады. 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс нәтижесі бойынша 323 келіні (жұлқа көтеруде - 144, серпе көтеруде - 179) көтеріп, мойнына алтын медаль тақты.

"Жасөспірім спортшыларымыз осы сайыстарда өз күш-қуаттарын көрсете алды. Әрине, командадағы алғашқы жеңістер Ольга мен Рахатты одан сайын жігерлендіріп жіберді. Олар сол деңгейді түсірмеу керек екенін түсінді. Жақсы көңіл-күй, табанды жаттығуларымыз - осының бәрі чемпионатта алтын медаль алып келді. Командамыздағы ең жас спортшы Рахат Бекболат үшін бұл дебют болған, ол бізді нәтижесімен қуанта алды", - деді жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов.

Жалпы есепте Қазақстан бес медаль еншілеп, сенімді жеңіске жетті.

Жалпы есеп:

1. Қазақстан - 5-0-0;

2. Өзбекстан - 2-3-1;

3. Вьетнам - 2-0-1.

Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынына алтынды Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақ), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақ) пен Сәпи Есенгелді (81 келіге дейінгі салмақ) әкелген болатын.

Ауыр атлетикадан Лас-Вегаста өтіп жатқан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталды. Бұл чемпионатта 50 елден 13-17 жас аралығындағы екі жүзден аса спортшы қатысты. Қазақстанның атынан бес спортшы өнер көрсетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная