12 наурыз 2019 10:36

Зілтемірші Сәпи Есенгелді Лас-Вегаста алтын медаль жеңіп алды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі © фото: ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Лас-Вегаста өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші алтын медальды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан құрамасы Лас-Вегаста өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші алтын медальды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

81 келі салмақта бірінші орынды қазақстандық Сәпи Есенгелді жеңіп алды. Екі әдістің нәтижесі бойынша ол 309 келі көтерген (134 жұлқа, 175 серпе). 

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның қоржынына алтынды Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақта) және Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта) әкелді. Соңғысы жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Лас-Вегаста ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталады. Бұл чемпионатта 50 елден 13-17 жас аралағындағы екі жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан бес спортшы өнер көрсетіп жатыр. 13 наурызда қазақстандық ауыр атлетшілерден соңғы болып Бекболат Рахат пен Ольга Пастухова шығады.

"Біз бірінші күні Ақмолда Сайрамкез алған алтынды толықтыруға бар күшімізді саламыз. Қаңтарда командамыз жаттығуға ден қойды, көп тер төгіп, осының арқасында қазір жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Ертең екі спортшымыз өнер көрсетеді. Пастухова үшін мұндай жарыстар бірінші рет емес, ол тәжірибелі, ал Бекболат Рахат осындай дәрежедегі жарысқа бірінші мәрте шығады", - деді жастар құрамасының бапкері Бақыт Ахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети