Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 28 жастағы қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешовтің Лондон Олимпиадасындағы нәтижесін жойды. Бұл туралы ұйымның баспасөз хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өтешовтің сынамасын қайта тексеруде допинг табылған, нақтырақ айтсақ дегидрохлорметилтестостерон мен станазолол.
2012 жылғы Олимпиадада ауыратлет 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жетінші орын алған болатын. Енді оның нәтижесі жойылып отыр, ал Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2012 жылғы Олимпиаданың хаттамасына өзгерістер енгізуі тиіс. Өтешовтің қалай жазаланатыны кейінірек белгілі болады.
Қазіргі уақытта Өтешов 2015 жылғы әлем чемпионатында табылған допинг үшін төрт жылдық дисквалификация мерзімін өтеп жатыр.