Алматыда ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына Олимпиадалардың 9 чемпионы қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына Олимпиадалардың 9 чемпионы қатысады Олимпиада ойындарының чемпиондары - Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Олимпиаданың күміс жүлдегері Мария Грабовецкая. Фото ҚР ауыр атлетика федерациясының сайтынан алынды

Алматыда өтетін ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне тоғыз Олимпиада чемпионы қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтетін ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне тоғыз Олимпиада чемпионы қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Олимпиада ойындарының чемпиондары - Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильин қорғайды. Сондай-ақ Алматыда өтетін додаға КХДР-ның зілтеміршілері Ом Юн Чоль, Ким Ун Гук, Рим Чон Сим, польшалық ауыр атлет Адриан Зелинский және ирандық спортшы Бехдад Салимикордашиаби қатысады. Әлем біріншілігіне қатысатын өзге де спортшылар туралы мына жерден оқи аласыздар. 

Айта кетейік, бұл әлем біріншілігі барысында қазақстандық спортшылар бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Тарқатып айтсақ, Илья Ильин егер Алматыда топ жаратын болса, онда ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы атанады. Бұған дейін қазақстандық зілтеміршінің өзі де алдағы әлем біріншілігінде алтын аламын деп сеніммен айтқан еді. Қазақстан құрамасының өзге үш спортшысы - Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедовалар - бүгінде әлемнің екі дүркін чемпиондары. Егер бұл біріншілікте топ жаратын болса, олар бұл атақты үшінші рет иеленеді.

Еске салайық, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8 және 16 қараша аралығында Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Әлем біріншілігін KazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Билеттердің құны - 500 теңге мен 15 000 мың теңгенің аралығында.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети