Алматыда өткен Универсиада студенттік ойындар тарихындағы ең үздігі деп мойындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өткен Универсиада студенттік ойындар тарихындағы ең үздігі деп мойындалды © Тұрар Қазанғапов

FISU ұйымының мамандар кеңесі Алматыда өткен Қысқы Универсиаданы студенттер арасында өткен халықаралық жарыстардың тарихындағы ең үздігі деп таныды. Бұл туралы ұйымның баспасөз баянынан белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

FISU ұйымының мамандар кеңесі Алматыда өткен Қысқы Универсиаданы студенттер арасында өткен халықаралық жарыстардың тарихындағы ең үздігі деп таныды. Бұл туралы ұйымның баспасөз баянынан белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Халықаралық студенттік спорт қауымдастығының (FISU) атқарушы комитетінің отырысында сарапшылар кеңесінің Алматыда өткен Универсиада бойынша қорытынды есебі ұсынылды. 

Отырыс кезінде кеңестің жетекшісі Милан Августин сөз сөйлеп, 2017 жылғы Универсиаданың жетістіктері айтылды. 

"Универсиада тарихында студенттер арасындағы жарыс әлі мұндай қызығушылық туғызған емес. Барлық билеттің сатылғанын ерекше атап өтуге болады. Универсиада алауының эстафетасы идеясы мен жүзеге асырылуы бірегей. Алматыда өткен Универсиада тәжірибесіне сүйене отырып, FISU қысқы ойындар өткізген кезде студенттер мен оқушыларды демалысқа шығаруды ұсынады. Сарапшылар кеңесінің қорытындысы: Алматыда өткен 28-ші Қысқы Универсиада - Универсиадалар тарихындағы үздігі", - делінген хабарламада. 

"Алматыда өткен ойындардан алынған тәжірибе құнсыз, FISU Қазақстанмен барлық мүмкін бағыт бойынша ары қарай да ықпалдасуға ниетті", - дейді FISU президенті Олег Матыцин.

2017 жылдың 19 тамызында Тайбэйде 29-шы Жазғы Универсиада басталады. Бұл жарыста қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, жүзу, бокс, күрес және басқа да спорт түрлері бойынша сынға түседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети