Алматы марафонына қатысушыларды тіркейтін орын ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Аlmaty-marathon.kz ©Аlmaty-marathon.kz

Алматыда қайырымдылық марафонына қатысушыларды тіркеу жалғасып жатыр. Ұйымдастыру комитеті бұған дейін тіркеуді сайтта іске асырса, енді марафонға қатысушылар ұйымдастырушылармен бетпе бет отырып та өтініш бере алады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жуырда Mega Alma-Ata сауда – ойын-сауық орталығында марафонның тіркеу орны ашылды. Тіркеу орны Mega-ның екінші қабатында, тамақтану аймағында орналасқан. Бұл жерге келіп өтініш берген адам мәре нөмірі мен қажетті жадынамаларға ие болады. Жадынамада марафонға қатысатын адамға арналған пайдалы кеңестер мен таңдалған қашықтықтың бағыттары жазылған. "Мәре нөміріне барлық халықаралық стандартқа сай келетін нидерландылық MyLaps хронометраж жүйесінің электронды чипі бекітілген. Бұл жүйе чекпойнттарға алаңдамай жүгіруге мүмкіндік береді және жүгірген адамның уақыт көрсеткішін онлайн режимде тіркейді", - дейді ұйымдастырушылар. Марафонға қатысушы ретінде тіркеліп, мәре нөмірін алу үшін жеке куәліктің көшірмесі, алғашқы жарна және өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті мойнына толық алатыны туралы қолхат талап етіледі. Қолхаттың үлгісі мына жерде. Тіркеу тұрағында еріктілер қызмет етеді, олар өтініш білдірушілерге көмектесіп, тиісті кеңестер береді. Тұрақ сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады, тіркеу сәуірдің 10-ына дейін созылады. Еске сала кетейік, "Бірінші болуға батылдық!" атты ІІІ қайырымдылық марафоны Алматыда 20 сәуір күні сағат 06.00 – 15.00 аралығында өтеді. Халықаралық мәртебесі бар шараға қатысушылар төрт түрлі қашықтық және экиден сыны бойынша жүгіре алады. Марафоннан түскен қаржы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеуге және онкологтарға қажетті жабдықтар алуға жұмсалады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro