2018 жылдың 4-5 тамызында Алматыдағы Сайран көлінде тұңғыш рет триатлоннан халықаралық турнир - ASTC Asian Cup Almaty 2018 Азия кубогы өтеді.
2018 жылдың 4-5 тамызында Алматыдағы Сайран көлінде тұңғыш рет триатлоннан халықаралық турнир - ASTC Asian Cup Almaty 2018 Азия кубогы өтеді.
Бірінші күні жарысқа Ресей, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Украина, Венгрия, Аустралия, Жапония, Өзбекстан, Сирия, Бельгия, Австрия, Тайпей және Қазақстанның спортшылары қатысады.
5 тамызда Age Group санатындағы әуесқой спортшылар кәсіпқой спортшылардың жүріп өткен дистанциясын бағындырып көреді. Age Group атлеттері стандартты норманы: 1,5 шақырым - жүзу, + 40 шақырым велокезең және +10 шақырым жүгіру.
Шара Сайран көлінде өтеді.
"Азия кубогы биыл Алматыда өтетін болып шешілді, - дейді Қазақстан триатлон федерациясының директоры қызметін атқарушы Асылжан Достияров. - Мұндай шешім шығаруға екі себеп болды. Біріншіден осы өңірде триатлонға деген қызуғышылық басым. Бүгінде қаламызда алты мектеп бар. Таяуда құрылған Алматы триатлон федерациясы осыған жақсы септігін тигізіп жатыр. Жергілікті спортшылар республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жатыр. Екәншәден осы жарысты өткізу арқылы біз суқоймасының атын шығарамыз. Біздің ойымызша, осы жарыстан соң тұрғындар мен қала қонақтары "Сайран" көліне келуді үдетеді.
Қазіргі уақытта Азияя Кубогы жарысының алдында Сайран көлінің маңайы тазартылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа асфальт, гүлдер отырғызылады, спорттық аймақ салынады, воркаут пен волейбол алаңы, пандустар, пирс, жарық шамдары, газон егу және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі. Жағажайға жаңадан құм төгіледі, жанындағы саябаққа 60 орындық орнатып, 100-ден аса фонарь орнатады. Барлық жұмыстар 4 тамызда аяқталады.