Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда Street workout алаңы ашылады

20 Тамыз 2014, 17:30
0
©World Class
©World Class
©World Class
©World Class

22 тамызда Алматының Мәдениет және демалыс орталық саябағында Street workout жаттығуларына арналған алаң ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алаң ашуды қолға алған World Class Almaty фитнес-клубы өкілдерінің хабарлауынша, оның аумағы 400 шаршы метр болады. Жаттығу алаңы көп белтемірмен, қырлы бөренелермен, шығыршықтармен, швед қабырғаларымен, басқа да қажетті нысандармен жабдықталады. Келешекте бұл жерде жоғары білікті мамандар қызмет ететін болады. Олар Street workout алаңында шеберлік дәрістерін өткізіп, дұрыс тамақтану жөнінде кеңестер береді. 

"Осы мақсат үшін Squad тобы әдейі құрылды, олар Street workout жаттығуларын белсенді дамытпақ. Сөйтіп, өскелең ұрпаққа дұрыс үлгі көрсететін болады", - дейді ұйымдастырушылар.

Жуырда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшелерінің қиылысындағы ТРЦ MEGA-park-те тағы бір алаң ашылады. Сонымен бірге, келешекте "Шахристан" және "29 Квартал" тұрғын үй кешендері аумағында да Street workout кешендерін орнату жоспарда бар. Бұл алаңдарды халықтың кез келген бөлігі пайдалана алады. Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр айында World Class Almaty клубы Mega Center Alma-Ata сауда - ойын-сауық орталығы аумағында Street workout алаңын ашқан болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай