21 қараша 2015 18:44

Алматыда "Күзгі жүгіру 2015" өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда жыл сайынғы "Алматы марафоны" аясында "Күзгі жүгіру" өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ботаникалық бақта өткен жүгіруге 300-ге жуық адам қатысты.


Алматыда жыл сайынғы "Алматы марафоны" аясында "Күзгі жүгіру" өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ботаникалық бақта өткен жүгіруге 300-ге жуық адам қатысты.

Бұл жолғы жүгіру екі қашықтық бойынша өтті: 10-14 жас аралығындағы жас спортшылар үшін 2 шақырым: үш жас категориясы бойынша 15 шақырым: 15-34, 35-49 және 50 жастан жоғары.

Мұндай шаралар Алматыда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Оңтүстік Астанада бұған дейін көктемгі, жазғы және қысқы жүгірулер өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар денсаулықтың жақсаруына ғана әсер етіп қоймайды, жыл сайынғы "Алматы Марафонына" дайындық ретінде өткізіледі.

Салауатты өмір салтын ұстанушыларды күннің суықтығы да, ауадағы ылғалдылық та тоқтата алған жоқ. Өз күштерін алғашқы болып жас спортшылар сынады.

Әр айналымнан кейін спортшыларға арнайы резеңке берілді. Ұйымдастырушылар осы арқылы олардың қанша айналым жүгіргенін біліп отырды.

"Бүгін дәстүрге айналған жүгірудің тағы біреуін сәтті аяқтадық. Стартты өткізуге тағы да Ботаникалық бақты таңдадық. Өткен жылға қарағанда биыл қатысушылар саны екі есеге өсті. Қатысушыларды біз екі категорияға бөлдік: ересектер мен балалар. Қашықтықты өзгерттік. Бұрын спортшылар 10 шақырым жүгірсе, биыл оны 15 шақырымға ұзарттық. Соған байланысты жүгіру бағыты да өзгертілді. Бүгінгі шараны ұйымдастырудың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, адамдарды спортпен айналысуға шақыру", - деді "Алматы Марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева.

"Мен Жамбыл облысының Мерке ауылынан келдім. Бапкер болып жұмыс істеймін. Жеңіл атлетикамен айналысамын. Тас жолымен жүгіру оңайға түскен жоқ. Ауаның ылғал болуы да біраз еңбектенуді талап етті. Бірақ физикалық формамның арқасында мен өзіме артқан сенімімді ақтадым. Өзіме көңілім толды. Айта кету керек, бәсекелестік жоғары деңгейде болды. Қатысқандардың көбісін танимын. Жеңіл атлетикадан өтетін чемпионаттарға бірге қатысып жүрміз", - деді жеңімпаз Дмитрий Иванчуков.




Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети