Бүгін, 21 қазан, Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай, алдағы халықаралық студенттер ойындарына билеттер сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
Бүгін, 21 қазан, Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай, алдағы халықаралық студенттер ойындарына билеттер сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
Билеттерді ең бірінші сатып алушылардың бірі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек болды. Ол Ойындар билетін Б.Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайынан сатып алды.
"Бүгіннен бастап алматылықтар Универсиада билетін Б.Шолақатындағы мәдениет және спорт сарайының, Мемлекеттік цирктің және де Меломан желісінің кассаларынан сатып ала алады. Сондай-ақ, жақын уақытта билеттерді сату үшін Қазақстанның өзге де жетекші билет операторлары іске кіріседі. Билеттерді сатумен айналысатын ресми веб-порталдар: www.almaty2017.com, www.fisuticket.com және www.kassir.kz. 2017 жылғы Универсиаданың ресми билет операторы болып KASSIR.KZ танылды", - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Бүгінгі таңда келесі дисциплиналар бойынша билетер сатылымға түсті: тау шаңғысы, биатлон, шаңғы сайысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд, фристайл, керлинг, шорт-трек, хоккей (әйелдер), хоккей (ерлер), трамплиннен секіру, конькимен жүгіру спорты. Жарыс кестесімен Ойындардың ресми сайты www.almaty2017.com арқылы таныса аласыз.
Айта кету керек, сайыстардағы билеттердің бағасы 300 теңгеден, 3500 теңгеге дейін. Ал, Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары 3000 және 15000 теңге аралығында.
Билеттердің бағасын бекіту кезінде Универсиада дирекцииясы тарапынан ірі халықаралық жарыстардағы билеттердің бағаларына анализ жасалып, соның негізінде бір тоқтамға келген. Сарапшылар Астана мен Алматыда өткен қысқы Азия ойындары, Қазандағы Универсиада, Сочидегі қысқы Олимпиада ойыны, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаттары, трамплиннен секіруден әлем кубогы және Қазақстан аумағында өткен профильді жарыстардағы баға саясатына шолу жасаған. Сондай-ақ, жақында ғана аяқталған Рио-де-Жанейро Олимпиадасының тәжірибесіне сүйенген. Оның негізінде билетер халыққа қолжетімді болып, жарысқа кеткен шығынның жартысын ақтауы тиіс.
Билеттерден түсетін қаржы жоспар бойынша 200 миллион теңгеге жуық болуы мүмкін екені хабарланып отыр.