Алматыда Универсиада-2017 қысқы ойындарының медальдары таныстырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vesti.kz © vesti.kz

"Алматы Арена" мұз айдынында өткізілген баспасөз конференциясында Универсиада-2017 қысқы ойындары кезіне жоспарланған мәдени шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар, ұйымдастырушы комитет жеңімпаз спортшыларға табыс етілетін медальдарды көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы Арена" мұз айдынында өткізілген баспасөз конференциясында Универсиада-2017 қысқы ойындары кезіне жоспарланған мәдени шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар, ұйымдастырушы комитет жеңімпаз спортшыларға табыс етілетін медальдарды көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық жарыстар бірегей болмақ, себебі шаңғы жарысы, биатлон, шаңғыдан қоссайыс, тау шаңғы спорты, фристайл, сноуборд сияқты спорт түрлерінен жеңімпаздар елімізде бірінші рет Тәуелсіздік сарайында (Универсиаданың "Медал Плаза" нысаны жұмыс істейді) марапатталады. Бұл жерде күніне 10 медаль табыс ету жоспарланған. 

"Жеңімпаздар бейресми түрде жарыс алаңы болған жерде марапатталады, алайда олар медальдарын "Медал Плаза" нысанында қолына алады. Медальдар Универсиаданың брендбугіне сай жасалған. Біз медальдарға ұлттық нақыштағы өрнектерді енгіздік. Медальдар еліміздің өндірісі, олар теңге сарайында жасалды", - деді "Универсиада-2017 ойындарын дайындық және өткізу дирекциясы" басшысының орынбасары Камила Лұқпанова.

Универсиада кезінде 12 спорт түрінен 85 комплект медаль ойнатылады. 

Осыдан бөлек, қонақтар үшін қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен мәдени шаралар мен концерттік бағдарламалар әзірленген. Мәдени шаралар 18.30-да басталады. "Медал Плазада" қонақтар арасында жарыстар өткізіліп, фильмдер көрсетіледі. 

"Универсиадада мәдени шараларды өткізу үшін бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Осы шараларды ұйымдастыру үшін біз демеушілерді тарттық", - деді "Универсиада-2017 ойындарын дайындық және өткізу дирекциясы" басшысының орынбасары Дидар Сағадиев. 

Сонымен қатар, театрларда 20 қаңтардан бастап үздік қойылымдар көрсетілімі басталады, ал мемлекеттік филормонияда концерттер өтеді.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro