04 тамыз 2018 | 10:55

Алматыдағы триатлоннан Азия Кубогы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияның ашық континентальды Кубогі басталды, мұнда 16 елдің, соның ішінде Австралияның, Бельгияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және басқаларының 60-тан астам атлеттері медальдар үшін күресетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияның ашық континентальды Кубогі басталды, мұнда 16 елдің, соның ішінде Австралияның, Бельгияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және басқаларының 60-тан астам атлеттері медальдар үшін күресетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықаралық спорт сайысы екі күнге созылады. Бірінші күні жүгіруден, жүзуден, велоспортынан кәсібилер жарысқа түседі, ал екінші күні әр түрлі жастағы тіркелген 150-ден астам әуесқойлар бәсекеге қатысады.

"Біз қазіргі кезде қала тұрғындарының белсенді және салауатты демалуы - велосипед тебуі, жүгіруі, жаяу жүруі үшін үлкен мүмкіндіктерді жасаудамыз. Қалада 68 километр веложолдар абаттандырылды, таяу жылдары біз оларды 100 километрге дейін жеткіземіз, аулаларда спорт алаңдарын жасау жалғасуда, жаяу жүргіншіге басымдық беретін көшелер жасалуда. Осының барлығы қала тұрындары мен қонақтарына жайлы болу үшін атқарылуда. Қазіргі кезде студенттер арасында футзалдан өтетін әлем Чемпионатына дайындалудамыз, халықаралық алқалы сайыс біздің қаламызда тамыз айының соңында өтеді, оған әлемнің 24 елінің спортшылары қатысады", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жарысқа дайындық барысында Сайран өзенінің жағалауын абаттандыруға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. "Таза қалада өмір сүр!" акциясы барысында су арналары тазартылды, 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды, балалар және спорт алаңдары салынды, соның ішінде футбол алаңы мен ұзындығы 5 шақырым болатын жүгіру жолы іске қосылды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматыда 250 мыңнан астам адамды қамтыған 2,5 мыңнан астам спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті, соның ішінде 2,5 мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен назар аударылады. Қаланың барлық аудандарында қазақ күресі бойынша секциялар ашылған, қазақтың ұлттық "белдесу" күресі қайта жаңғырды, Алматы ипподромының жұмысы қолға алынды.

"Спорт менің ауламда" жобасы бойынша спортпен тұрақты айналысатын 18 мыңға жуық балаларды қамтитын ауладағы спорт алаңдарының саны артты. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын спортқа кеңінен тартатын және жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялайтын "Батыл бол" жобасы жүзеге асты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети