Алматылық палуан қошқарды 510 рет көтеріп, рекорд орнатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының орталық мешітінде Асыл мұра бағдарламасы аясында мұсылмандардың мерекесі Құрбан айтқа арналып ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпараттық-спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Іс-шара таңғы айт намазынан кейін 4,5 мың адамның қатысуымен басталған. Кез келген қатысушылар өздерін қошқар көтеру, қол күрес, бағанаға шығу және асық атудан сынап көрді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, сондай-ақ, қошқар көтеру жүлдегерлері 40 келі қошқарларға ие болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының орталық мешітінде Асыл мұра бағдарламасы аясында мұсылмандардың мерекесі Құрбан айтқа арналып ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпараттық-спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Іс-шара таңғы айт намазынан кейін 4,5 мың адамның қатысуымен басталған. Кез келген қатысушылар өздерін қошқар көтеру, қол күрес, бағанаға шығу және асық атудан сынап көрді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, сондай-ақ, қошқар көтеру жүлдегерлері 40 келі қошқарларға ие болды.

Оның екеуі 505 және 510 рет көтерген жас палуандар Бауыржан Әбдіхайым мен Ильяс Жұмайға бұйырды.

"Мен қатысам ба жоқ па деп көп ойландым. Себебі алда Ресейде жарыс күтіп тұр. Бірақ 505 дегенді көріп, жігерленіп, қатысуға бел будым. Осылайша 510 рет көтеріп өзім үшін рекорд орнаттым. Мен әрқашанда өз қарсыласымды жеңуге тырысатын адаммын, бүгінде ұтуға тырыстым. Егер ол қошқарды 600 рет көтергенде, мен 605-ке жеткізуге талпынатын едім", - дейді еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ильяс Жұмай.

 
 
Ильяс Жұмай осының алдында екі ай бұрын осы бағдарламаның ашылуында да дәл осындай қошқарды 205 рет көтеріп ұтып алған болатын. Ол күреспен 8 жасынан бастап айналысып, еліміздің абыройын көптеген халықаралық жарыстарда қорғап жүр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro