Сурет: ubr.ua
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жұмыс тобы Алматы қаласының спорттық нысандарын бақылаудан өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шет елдік сарапшылар екі күннің ішінде "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында, "Медеу" спорт кешенінде, халықаралық "Сұңқар" трамплиндер кешенінде болып қайтты. Сонымен қатар мамандар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, "Табаған" демалыс аймағын және "Ақбұлақ" тау шаңғысы кешені мен шаңғы-биатлон кешенінің ахуалымен танысты. Бақылау барысында сарапшылар нысандардың құрылыс жоспары мен топографиялық картасын қараған. Сондай-ақ, шет елдік сарапшылар іс-сапарлары барысында қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесті. Кездесу барысында ХОК мүшелері Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндігі өте жоғары екендігін айтып өтті. Олар қаланың Еуразия кіндігінде орналасқандығы да оң ықпалын тигізетіндігі мен еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығын да қоса кетті. Ал, өз кезегінде қала әкімі қонақтарға Алматының Олимпиаданы қабылдау үшін жасап жатқан жұмыстарымен таныстырды. "Біз Олимпиада ойындарын қабылдау үшін ХОК-қа бірінші болып тапсырыс бердік. Одан бөлек, біз қазір 2002 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу үшін барлық техникалық құжаттарды дайындап жатырмыз", - деді А.Есімов. Айта кетейік, Алматымен бірге 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға Краков (Польша), Осло (Норвегия), Львов (Украина) және Бейжің (Қытай) қалалары да тапсырыс білдірген. Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланың есімін 2015 жылдың 31 шілдесінде ХОК-тың Куала-Лумпурдегі кезекті жиынында жариялайтын болады. Ал, ол уақытқа дейін ХОК барлық үміткер қалалардың спорттық нысандарын бақылаудан өткізеді.
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жұмыс тобы Алматы қаласының спорттық нысандарын бақылаудан өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шет елдік сарапшылар екі күннің ішінде "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында, "Медеу" спорт кешенінде, халықаралық "Сұңқар" трамплиндер кешенінде болып қайтты. Сонымен қатар мамандар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, "Табаған" демалыс аймағын және "Ақбұлақ" тау шаңғысы кешені мен шаңғы-биатлон кешенінің ахуалымен танысты. Бақылау барысында сарапшылар нысандардың құрылыс жоспары мен топографиялық картасын қараған.
Сондай-ақ, шет елдік сарапшылар іс-сапарлары барысында қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесті. Кездесу барысында ХОК мүшелері Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндігі өте жоғары екендігін айтып өтті. Олар қаланың Еуразия кіндігінде орналасқандығы да оң ықпалын тигізетіндігі мен еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығын да қоса кетті.
Ал, өз кезегінде қала әкімі қонақтарға Алматының Олимпиаданы қабылдау үшін жасап жатқан жұмыстарымен таныстырды. "Біз Олимпиада ойындарын қабылдау үшін ХОК-қа бірінші болып тапсырыс бердік. Одан бөлек, біз қазір 2002 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу үшін барлық техникалық құжаттарды дайындап жатырмыз", - деді А.Есімов.
Айта кетейік, Алматымен бірге 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға Краков (Польша), Осло (Норвегия), Львов (Украина) және Бейжің (Қытай) қалалары да тапсырыс білдірген.
Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланың есімін 2015 жылдың 31 шілдесінде ХОК-тың Куала-Лумпурдегі кезекті жиынында жариялайтын болады. Ал, ол уақытқа дейін ХОК барлық үміткер қалалардың спорттық нысандарын бақылаудан өткізеді.