Сурет vk.com/kazboxing желісінен
Бокстан Бангкокте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 6 алтын, 3 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. Таиландта өткен құрлық біріншілігінде 10 салмақ дәрежесіне түгелдей өз талантты жастарын үкілеп қосқан Қазақстан құрамасы 9 медаль (6 алтын, 3 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды (Туған елге бір-ақ боксшымыз жүлдесіз қайтты). Азияны тәнті қылған құраманы Ғалымбек Кенжебаев жаттықтырады. Кезінде Геннадий Голвкиндей әлеуеті жігіттің бағын ашқан сыралғы маман екенін айтсақ та жетер... Финалға шықан Қазақстан жастар құрамасының алты боксшысы да қарсыластарынан басым түсті. Әуелі 56 келідегі Сұлтан Зауырбек кореялық қарсыласын күмәнсіз жеңіп, жігіттерімізге жол ашты. Одан соң 60 келідегі Абылайхан Жүсіпов Сирия боксшысы Ахмад Гуссонды ес жиғызбай төпеледі. Ол Азия чемпионы атанып қана қойған жоқ, осы чемпионаттың ең үздік боксшысы да атанды. Бұдан кейін Қазақстан және Өзбекстан боксшылары арасында үш жекпе-жек өтіп үшеуінде де біздің жігіттер жеңіске жетті. Атап айтқанда, Аян Қалибеков (64 келі), Вадим Казаков (81 келі) және Темірлан Қабиев (91 келі) өзбек баһадүлерінен өктем түсті. Бангкоктегі жастарымыздың ерен жетістіктеріне ең ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаев нүкте қойып, финалда Сирия боксшысын жеңді. Енді Ғалымбек Кенжебаевтың шәкірттері сәуір айында Болгарияда өтетін әлем чемпионатына көтеріңкі көңіл-күймен дайындалатын болады, дейді "Алаш айнасы". Қазақстан жастарының 2014 жылғы Азия чемпионатындағы жетістіктері: Алтын 56 келі: Сұлтан Зауырбек 60 келі: Абылайхан Жүсіпов 64 келі: Аян Қалибеков 81 келі: Вадим Казаков 91 келі: Темірлан Қабиев +91 келі Елдос Қадырбаев Қола 49 келі: Ертуған Зейнелов 52 келі: Иван Ковалев 69 келі: Илья Очкин
Бокстан Бангкокте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 6 алтын, 3 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.
Таиландта өткен құрлық біріншілігінде 10 салмақ дәрежесіне түгелдей өз талантты жастарын үкілеп қосқан Қазақстан құрамасы 9 медаль (6 алтын, 3 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды (Туған елге бір-ақ боксшымыз жүлдесіз қайтты).
Азияны тәнті қылған құраманы Ғалымбек Кенжебаев жаттықтырады. Кезінде Геннадий Голвкиндей әлеуеті жігіттің бағын ашқан сыралғы маман екенін айтсақ та жетер...
Финалға шықан Қазақстан жастар құрамасының алты боксшысы да қарсыластарынан басым түсті. Әуелі 56 келідегі Сұлтан Зауырбек кореялық қарсыласын күмәнсіз жеңіп, жігіттерімізге жол ашты.
Одан соң 60 келідегі Абылайхан Жүсіпов Сирия боксшысы Ахмад Гуссонды ес жиғызбай төпеледі. Ол Азия чемпионы атанып қана қойған жоқ, осы чемпионаттың ең үздік боксшысы да атанды.
Бұдан кейін Қазақстан және Өзбекстан боксшылары арасында үш жекпе-жек өтіп үшеуінде де біздің жігіттер жеңіске жетті. Атап айтқанда, Аян Қалибеков (64 келі), Вадим Казаков (81 келі) және Темірлан Қабиев (91 келі) өзбек баһадүлерінен өктем түсті.
Бангкоктегі жастарымыздың ерен жетістіктеріне ең ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаев нүкте қойып, финалда Сирия боксшысын жеңді.
Енді Ғалымбек Кенжебаевтың шәкірттері сәуір айында Болгарияда өтетін әлем чемпионатына көтеріңкі көңіл-күймен дайындалатын болады, дейді "Алаш айнасы".
Қазақстан жастарының 2014 жылғы Азия чемпионатындағы жетістіктері:
Алтын
56 келі: Сұлтан Зауырбек
60 келі: Абылайхан Жүсіпов
64 келі: Аян Қалибеков
81 келі: Вадим Казаков
91 келі: Темірлан Қабиев
+91 келі Елдос Қадырбаев
Қола
49 келі: Ертуған Зейнелов
52 келі: Иван Ковалев
69 келі: Илья Очкин