Алты оқ тиген "Қазақ" Мәскеу орталығындағы шабуылдың жай-жапсарын айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© HFC MMA © HFC MMA

"Қазақ" лақап атымен танымал ММА файтері Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында болған жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН-ТВ арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақ" лақап атымен танымал ММА файтері Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында болған жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН-ТВ арнасына сілтеме жасап.

30 жастағы спортшының айтуынша, ол 17 ақпанда таңертең достарымен Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға келген. Бұған дейін оларға жеңілдік берілетіні айтылған екен. Автотұрақта Дүйсембаев пен оның достарына күзетшілер келіп, көлікті бес минутта алып тастауы керек екенін, себебі бұл кедергі келтіретінін айтқан.

Алайда абонемент сатуы тиіс орталық қызметкерлері кешіккен, ал күзетшілер Дүйсембаевтың айтуынша, тағы келіп аумақтан кетуді дөрекі түрде талап ете бастаған.

"Мен "ашуланып, бір-біріміздің миымызды қатырмай-ақ қояйық" деп айттым. Ол кетіп қалды. Бес минуттан кейін ол бір жерге кіріп, қайтып шықты... Мылтық алып шығып оқтай бастады", - деді файтер.

"Қазақ" ешкім ешкімді қорқытпағандықтан, күзетші оқ жаудырады деп ойламағанын мойындады.

"Мұндайды көп көрсетеді ғой, қорқытады, аспанға оқ атады. Солай қорқытады деп ойладым. Ештеңе сұрамадым, ештеңе айтпадым. Сосын оқ жаудыра бастады", - деді жауынгер.

Кейін спортшы ауруханаға жатқызылған. Бағдатқа алты оқ атылған. Дәрігерлер оқтарды файтердің денесінен шығаруға мәжбүр болған.

Айта кетейік, 16 ақпанда қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атқаны хабарланған болатын. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro