Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Тайваньның модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 17 жастағы сұлу спортшыға ірі сауда орталықтарының, соның ішінде, Breeze Center-дің ресми тұлғасы болуға ұсыныс айтылған, бірақ ол бас тартып отыр. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекова екі аптаның ішінде Интернеттің жұлдызына айналған еді. Ол жастар құрамасының Азия чемпионатына қатысуы кезінде танымал болды. Турнирдің ең әдемі волейболшысы атағы - спортшыға көрсетілген азғана құрметтің бірі.
Бұған дейін Алтынбекованың Қазақстанда (Ақкөл қаласында) фан-клубы пайда болғаны хабарланды. Мұндай фан-клубтар Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Таиланд пен Тайваньда да бар. Әлеуметтік желілерде оған арналған топтар мен аккаунттар ашылып жатыр. Модель агенттіктерінің ұсыныстарына келсек, Сабина Алтынбекова бұған дейін келешекте тек қана спортпен айналысатынын мәлімдеген болатын.