Алыптар айқасы: Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің жекпе-жегі қашан өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алыптар айқасы: Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің жекпе-жегі қашан өтеді? Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер

Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылдың ақпанында WBC белбеуіне ие Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізетінін растады, - деп хабарлайды "Чемпионат".


Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылдың ақпанында WBC белбеуіне ие Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізетінін растады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Британиялық бұл туралы WWE реслинг промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінен кейін мәлімдеді.

"WWE-дегі жекпе-жек мен үшін ғажайып тәжірибе болды. Брон сөзсіз мықты. WWE-ге ораламын ба? Деонтей Уайлдермен жұдырықтасуды жоспарлап отырмын, 22 ақпанда өтеді. Содан кейін не боларын көреміз", - дейді Фьюри.

Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер арасындағы бірінші жекпе-жек 2018 жылдың 1 желтоқсанында өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша, Уайлдер алғаш рет жеңіске жете алмады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети