Ардақ Назаровтың інісі Titan FC басты жекпе-жегінде жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардақ Назаровтың інісі Titan FC басты жекпе-жегінде жеңілді Ардақ және Бейбіт Назаровтар

Қазақстандық Бейбіт Назаров жеңіл салмақта Titan FC уақытша чемпионы титулына талас болған жекпе-жекте америкалық Мартин Брауннан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Бейбіт Назаров жеңіл салмақта Titan FC уақытша чемпионы титулына талас болған жекпе-жекте америкалық Мартин Брауннан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Алматыда өткен жекпе-жек америкалық Titan FC 51 промоушен турнирінің басты оқиғасы болды және ол барлық бес раундқа жалғасып, Браун жеңді. Жекпе-жек барысында америкалық бір ұпайдан айырылды, себебі ол тыйым салынған соққы жасады.

Shergod статистикасы бойынша, 31 жастағы Назаров үшін бұл төртінші жеңіліс және оның қоржынында 14 жеңіс бар, ал 34 жастағы Браун 13 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бесеуінде жеңілген.

Айта кетейік, 2014 жылы Браун америкалық Bellator промоушенде екі жекпе-жек өткізді, ол UFC-ден кейінгі екінші болып саналады, бірақ содан кейін екі жыл үзіліс жасаған.

Айта кетейік, Titan FC 51 басқа титулдық жекпе-жегінде Қазбек Әшімов америкалық Хуан Пуэртеден уақытынан бұрын жеңілсе, тағы бір жекпе-жекте Айбек Нұрсейіт бразилиялық Герберт Бернстен жеңілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети