19 наурыз 2014 | 12:55

"Арландар" Ханауда сынақ тапсырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"Астана арландары" командасы WSB сериясының ширек финалдағы қарсыластары "Team Deutschland" клубына қарсы өткізетін кездесуге тыңғылықты дайындықтарын бастап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WSB сериясының топтық кезеңі мәресіне жеткен соң "Астана арландарының" былғары қолғап шеберлеріне демалыс берілген болатын. Енді өткен аптаның басында демалыстары аяқталған "арландар" Алматы маңындағы оқу-жаттығу базасына жиналды. "Биыл білесіз, WSB сериясында өнер көрсететін командалардың қатарында он салмақ дәрежесінің былғары қолғап шеберлері бар. Олар С1 және С2 категориясы бойынша алма-кезек жұдырықтасады. Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде польшалықтарға қарсы С2 категориясы шыққан еді. Сондықтан да біз С1-дегі жігіттердің барлығын ширек финалдың алдында демалып алсын деп үйді-үйлеріне жібердік. Ал екінші топтағы жігіттерге демалысты шамалы кешіктіріп бердік. Сондықтан да бірінші топтың жігіттері жаттығуды өткен аптада бастап кетсе, екінші топ жігіттері осы аптадан бастап жаттығу жұмыстарына кірісті. Ал, ұлттық құраманың боксшыларына келетін болсақ, құрамадан әзірге біздің командада тек Теміртас Жүсіпов қана бар. Басқа боксшылар Мырзағали Айтжановтың қол астында. Бұйыртса, өз алаңымызда неміс командасына қарсы кездесуде ол жігіттер де келіп қалуы керек", - дейді "Астана арландары" командасының директоры Болат Манкенов. "Арландардың" бапкерлер қосыны алдағы "Team Deutschland" командасына қарсы шығуы ықтимал деген боксшылардың тізімін жасады. Германияға аттануы мүмкін деген боксшылардың қатарында 49 келіде Мардан Берікбаев пен Теміртас Жүсіпов, 56 келіде Мейірболат Тойытов пен Мәди Шолақов, 64 келіде Асхат Уалиханов пен Руслан Мәдиев, 75 келіде Сергей Деревянченко мен Ерік Әлжанов және 91 келіде Василий Левит пен Арбек Әбуғаниев бар. "Ширек финалдың алғашқы кездесуіне шығуы мүмкін деген он боксшы және қосалқы құрамдағы үш боксшыны анықтадық. Кездесуге дейін бапкерлер бұл жігіттердің дайындықтарын байқап көретін болады. Ал, нақты жекпе-жекке шығатын боксшылардың тізімін кездесуге үш күн қалғанда жариялайтын боламыз", - дейді Болат Тоқтарұлы. Неміс командасына қарсы өткізетін жекпе-жектер үшін "Астана арландары" Германияға 25 наурыз күні ұшып кетеді. Тағы бір айта кететін жәйт, немістер маусымның топтық кезеңдегі барлық кездесулерін Франкфурт қаласында өткізген болатын. Ал, "Астана арландарына" қарсы өткізетін ширек финал кездесуін бұл команданың жетекшілері Франкфурт маңындағы Ханау қаласында 29 наурыз күні өткіземіз деп отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети