Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Арландар" сапында бір боксшы ауысты

28 Ақпан 2014, 16:20
0
Польша боксшыларына қарсы шығатын "Арландар". © Нұрғиса Елеубеков
Польша боксшыларына қарсы шығатын "Арландар". © Нұрғиса Елеубеков
"Astana Arlans" пен «Hussars Poland» © Нұрғиса Елеубеков
"Astana Arlans" пен «Hussars Poland» © Нұрғиса Елеубеков
Гжегорж Козловский мен Ілияс Сүлейменов.   © Нұрғиса Елеубеков
Гжегорж Козловский мен Ілияс Сүлейменов. © Нұрғиса Елеубеков
Ғани Жайлауов  пен Давид Павел Михелус. © Нұрғиса Елеубеков
Ғани Жайлауов пен Давид Павел Михелус. © Нұрғиса Елеубеков
Жора Симонян мен Данияр Елеусінов.   © Нұрғиса Елеубеков
Жора Симонян мен Данияр Елеусінов. © Нұрғиса Елеубеков
Казюж Зыциньский мен Әділбек Ниязымбетов. © Нұрғиса Елеубеков
Казюж Зыциньский мен Әділбек Ниязымбетов. © Нұрғиса Елеубеков
Сергей Вервейко мен Армен Симонян.  © Нұрғиса Елеубеков
Сергей Вервейко мен Армен Симонян. © Нұрғиса Елеубеков
"Астана арландары" кәсіпқой бокс клубы 1 наурыз күні Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында "Hussars Poland" командасымен жұдырықтасады. Бұл кездесуде "арландар" сапында Ғани Жайлауов, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов және Армен Симонян сында боксшыларымыз WSB сериясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ертеректе хабарлағанымыздай 60 келіде "арландардың" намысын әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдрахманов қорғау керек болатын. Бірақ, соңғы сәтте бапкерлер бұл кездесуге Ғани Жайлауовты шығаруды жөн көрген екен. Оның қарсыласы Давид Павел Михелус. Бұл боксшы былтырдан бері Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсетіп жүр. Тәжірибесі толысқан. Былтыр бес рет шаршы алаңға шығып, үшеуінде жеңіске жетті. Биылғы маусымда өткізген екі кездесуінің біреуінде ұтып, енді бірінде қарсыласына есе жіберді. Сонымен қатар, Павел Михелус 2010 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Жасөспірімдер олимпиадасында да қола жүлде алғанын айта кетейік. Дегенмен, Жайлауовты да осал боксшы деуге келмейді. Ол бокстан Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, Бакуде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олмпиада ойындарының қатысушысы. Сондықтан да бапкерлер оны алдағы кездесуге бекерге шығарып жатқан жоқ. Оның үстіне Ғани бұл мүмкіндікті Әбдрахмановпен болған спарринг кездесуінде жеңіп алған.

Басқа боксшыларға тоқаталатын болсақ, 52 келіде Ілияс Сүлейменов пен Гжегорж Козловский жұдырықтасады. 69 келі салмақта бокстан Ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов бұл топтамадағы алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Жора Симонян. Сондай-ақ 81 келді ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Казюж Зыциньскийға қарсы WSB сериясындағы алғашқы жекпе-жегіне шығады
Аса ауыр салмақта (+91 келі) "арландардың" атынан Армен Симонян да бұл топтамадағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Ол Польша клубында өнер көрсететін украиналық легионер Сергей Вервейкомен жұдырықтасады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай