Солтүстіккореялық ауыратлет Ом Юн Чхол 56 келіге дейінгі категорияда алтын медаль ала алмағаны үшін КХДР лидерлерінен кешірім сұрады. Бұл туралы AFP жазды.
Солтүстіккореялық ауыратлет Ом Юн Чхол 56 келіге дейінгі категорияда алтын медаль ала алмағаны үшін КХДР лидерлерінен кешірім сұрады. Бұл туралы AFP жазды.
"Ол әрқашан маған шабыт сыйлайтын адам болып қалады, өкінішке қарай, мен оның бұл жақсылығына алтын медальмен қайтара алмадым. Тағы да жарыстарға барып, алтын медаль ала аламын деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Ом Юн Чхол КХДР-дың 2011 жылы қайтыс болған лидері Ким Чен Ирді айта отырып.
Сонымен қатар, ол жеңіп алған күміс медалімен халқы үшін қаһарман бола алатынына күмәнмен қарайтынын айтты.
Еске салайық, бұл атлет Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада бірінші орын алған еді. Сол кезде ол солтүстіккореялық лидерлер Ким Чен Ир мен Ким Чен Ынға алғыс айтқан болатын.
Айта кетейік, солтүстіккореялықтың салмағында қазақстандық Арли Чонтей де өнер көрсеткен еді. Ол 278 келімен төртінші орында тұрақтады. Бұл салмақта қытайлық Лун Цинюан 307 келі көрсеткішпен бірінші орын, КХДР өкілі Ом Юн Чхол 303 келімен екінші орын, ал тай спортшысы Синфет Круаитонг 289 ұпаймен үшінші орын алды.