1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Арман Оспанов АҚШ-тағы жекпе-жегінде нокаутқа түсіп қалды 11 маусым 2021, 07:32

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) лигасындағы дебютінде жеңілді. Америкалық Крис
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Арман Оспанов. Трансляция кадры Арман Оспанов. Трансляция кадры

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) лигасындағы дебютінде жеңілді. Америкалық Крис Уэйд (19-6) "Сұңқарды" нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) PFL 4 турнирін ашқан жекпе-жек екінші раундта нокаутпен аяқталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Professional Fighters League (@pflmma)

Алғашқы бес минутта жекпе-жек тең өткен. Қазақстандық жылдам қозғалып, көп соққы жасай алды, бірақ Крис партерге көшіп, клинч жасай бастады. Екінші раунд басында Оспанов қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Уэйд Арманның соққылар сериясына шыдай алды. 

Сәлден кейін америкалық аяқпен басқа соққы жасап, қазақстандық есін жоғалтып алды. Осылайша үсті-үстіне жасалған соққыдан "Сұңқар" нокаутқа түсіп қалды.

UFC-дің бұрынғы файтері Уэйд осылайша қатарынан екінші жеңісіне жетіп отыр. Сәуір айында ол PFL маусымын Антони Дизиге (13-4) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімі арқылы жеңіске жеткен. Бір жылдан аса өнер көрсетпеген Оспановқа келер болсақ, ол мансабында осымен төртінші жеңіліске ұшырап отыр. 

Осылайша, Крис тұрақты PFL маусымында тағы бір ұпай жинады. Енді оның активінде сегіз ұпай бар, ол дивизионда бірінші орынға шықты. Оспановқа ешқандай ұпай берілмеді. 

Уэйд кәсіби мансабында 19-шы жеңісіне жетіп отыр, оның алтауы мерзімінен бұрын аяқталған. Бұл Кристің мансабындағы 25-ші жекпе-жегі ішіндегі алғашқы нокаут. Оспановтың есебінде төрт жеңіліс бар - екеуі нокаутпен, сондай-ақ бір рет сабмишенмен және төрешілер шешіммен.

"Мен мұндай жеңісті ұзақ күттім, мен оған лайық болдым. Мансап жолымда мені ешкім ұйықтата алмады. Есімнен тандыру үшін мені өлтіру керек", - деп мәлімдеді Уэйд жеңісінен кейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!