Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыда өтетін Ресейдің танымал Absolute Championsip Berkut турниріне қатысқаны үшін шамамен 80 мың доллар алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыда өтетін Ресейдің танымал Absolute Championsip Berkut турниріне қатысқаны үшін шамамен 80 мың доллар алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оспановтың қарсыласының гонорары ол орнататын рекордқа байланысты болады. Айта кетейік, барлық жүлдені АСВ ұйымы төлейді.
Vesti.kz сүйенген дереккөзге қарағанда қазақстандық файтер Арман Оспанов осыған дейін Санкт-Петербургте өткен АСВ турниріндегі жекпе-жегі үшін 30 мың доллардан аса ақша алды.
Оспанов кезде жапон файтері Тайчи Накажимуді нокаутқа түсіріп, нокауты үшін бонус ретінде 10 мың доллар алған еді.
Айта кетейік, Арман Оспановтың қарсыласы жақын арада белгілі болады.
АСВ-69 турнирі 9 қыркүйекте сағат 18.00-де "Алматы Аренада" өтеді. Билеттердің бағасы - 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін. Турнирде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегізбұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шеберлері бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек.