Қазақстандық файтер Арман "Сұңқар" Оспанов 27 сәуірде Мәскеуде өтетін АСА 95 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы турнирдің Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды, - деп жазады Vesti.kz.

Оспанов бұл турнирде германиялық Лос-Али Экскиевпен жұдырықтасады. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.
Лос-Алидің ұлты - шешен, бірақ немістің Дюссельдорф қаласына қоныс аударған. Жекпе-жектерде "Арыстан" деген лақап атпен өнер көрсетеді. Бұған дейін аралас жекпе-жекте 20 рет кездесуге шығып, оның 15-ін жеңіспен аяқтаған. 4 рет қарсыласына жол берсе, бір жекпе-жекnt тең түсті.
Экскиевтің танымалдығы 2013 жылы артқан. Сол жылы ол RNC-Martial Arts Gala турнирінде Вугар Бахшиевпен кездесіп, оны 13 секундта жеңген болатын.
Еске салайық, Арман Оспановтың соңғы жекпе-жегі 2017 жылы желтоқсанда өткен еді. Сол кездесуінде ресейлік Александр Полпудниковпен кездесуіп, ұпай санымен жеңілді. Артынша, "Сұңқар" жарақат алып, ұзақ уақыт бойы жекпе-жектерге шыққан жоқ. 2018 жылы файтер бірнеше рет жекпе-жек өткізуді жоспарлаған, бірақ ешқайсысы да түрлі себеппен өтпей қалды.
Уалихан Қосанбай