Арман Оспановтың келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Оспановтың келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Бүгін ALASH PRIDE президенті Данияр Қасқарауов пен клуб спортшылары Арман Оспанов жəне Асылжан Бақытжанұлының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, - деп жазады Vesti.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ALASH PRIDE президенті Данияр Қасқарауов пен клуб спортшылары Арман Оспанов жəне Асылжан Бақытжанұлының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Жиын барысында ALASH PRIDE клубы АСВ промоушенімен бірлесе отырып, 9 қыркүйекте Алматы қаласының 1001 жылдығы құрметіне орай Алматы əкімдігінің қолдауымен аралас жекпе-жектен халықаралық ірі АСВ-69 турнирін өткізетіні белгілі болды.

"Алматы-аренада" өтетін бұл ММА бəсекесінде Арман Оспанов басты жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы таяу күндері белгілі болады. Оспанов бұл турнирде əлемдегі рейтингі жоғары жекпе-жек шеберлерінің бірімен айқасқа түспекші. Жеңіске жеткен жағдайда Арман үшін UFC келісімшартына қол қоюға зор мүмкіндік туады. Осы жекпе-жекке дайындалу үшін отандасымыз жақын күндері Махачкалаға (Ресей) оқу-жаттығу жиындарына аттанады.

АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегізбұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шеберлері бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек.

Сонымен қатар, бұл кеште өзбек өрені Мурод Хантураевтың да өнер көрсететіні белгілі болды. ALASH PRIDE клубының намысын қорғайтын бұл спортшылар қазір Тайланд еліндегі оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Бір айта кетерлік жайт, АСВ-69 халықаралық турнирінде əлемнің 10-ға жуық мемлекетінің беткеұстар спортшылары айқасқа түседі. АСВ промоушені - дүние жүзі бойынша даму қарқыны жағынан, атақты UFC-ден кейін, Bellator ұйымымен екінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети