Аршавиннің әйеліне қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/olgagagauzka © instagram.com/olgagagauzka

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытты деген күдікпен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "СтарХти" порталына берген сұхбатында Алиса Аршавинаның өзі айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытты деген күдікпен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "СтарХти" порталына берген сұхбатында Алиса Аршавинаның өзі айтып берді. 

Бұл оқиға футболшының түнгі клубта Ольга Семенованы құшақтаған видеосынан басталған еді. Кейін қазақстандық модель Аршавиннің әйелі өзін ФСБ қызметкері ретінде таныстырып, "саусақтарыңды кесемін" және "есірткімен" ұстаймын деп қорқытқанын айтқан. Модель құқық қорғау органдарына арыз жазып, болған оқиғаны көпшілікке жария етті. 

"Расымен ушығып тұр. Үстімнен үш ауыр бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейін әлі ұзақ, әзірше тексеріс жүріп жатыр. Ол қызбен сөйлескім келмейді, ол пиарды қалады және дегеніне жетті", - дейді Аршавина. 

Әзірше Алиса Санкт-Петербургте, ал Андрей қазақстандық клуб сапында жаттығып жүр. 

"Андрей әрине қатты таңданды. Ол модельмен Андрей де араласпайды, клубта олар алғаш және соңғы рет кездескен. Сондықтан бұл бейбіт жолмен шешілмейді", - дейді Аршавина. 

Биыл 6 қаңтарда Алиса Аршавина шу шығарғаны үшін Мәскеуден Алматыға ұшатын рейстен түсіріп тастағанын айтып, тағы бір дауға қалған. 

Кейін "РЕН ТВ" арнасы Аршавиннің әйелін түсіріп тастаған рейстің жолсеріктеріне Аршавина жауап берген, алайда, Тергеу комитеті атынан-мыс қорқыту мен үркіту сарынындағы хабарламалар келгені туралы көрсеткен. Хабарламада "Сендер екі бала мен анасын және ФСБ майоры Аршавина Алиса Александрованы түсіріп тастадыңыздар" делінген екен. 

Аршавин мен Алиса Казьмина 2016 жылы үйленген болатын. Олардың қызы және Алисаның бұрынғы күйеуінен екі баласы бар. 2017 жылы қарашада Аршавин ажырасуы мүмкін деген ақпар тараған болатын. Футболшының өзі әйелінің көзіне шөп салғандықтан, оның кетіп қалғанын айтқан еді. Кейін әйелі оны кешіріп, екеуі қайта бас қосақаны хабарланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro