"Астана" баскетбол клубы – үш дүркін ел чемпионы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" баскетбол клубы – үш дүркін ел чемпионы Сурет bcbarsyatyrau.kz сайтынан

"Астана" баскетболшылары үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Олар финалда Атыраудың "Барсы" клубынан басым түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" баскетболшылары үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Олар финалда Атыраудың "Барсы" клубынан басым түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биылғы ел чемпионатының финалында "Астана" мен "Барсы" кездескен болатын. Финалдық дода үш жеңіске дейін созылуы тиіс-тін. Халықаралық "ВТБ бірегей лигасында" шыңдалған, деңгейі жоғары "Астана" көп созбалаған жоқ. Алғашқы үш ойында Атырау клубын тізе бүктіріп, биыл да саф алтынды өңірлерінде жарқыратты. Атырау баскетболшылшыларына бұйырғаны күміс медаль болды.

Алғашқы екі ойын елордада өткен. "Астана" 90:61 және 87:65 есептерімен екеуінде де үстемдік танытты. Үшінші ойынның ысқырығы Атырауда безілдеді. "Астана" Жайық жағасында да қарсыластарына дес бермеді. 73:64 есебімен жеңіске жетіп, саф алтынға қол жеткізді.

Бір қызығы, ел чемпионатының қола жүлдегер әлі анықталған жоқ. Үшінші орын үшін додаға түсіп жатқан "Каспий" (Ақтау) және "Қапшағай" (Талдықорған) клубтары әзірше екі-ақ ойын өткізді. Жалпы есеп – 1:1, таразы басы тепе-тең.

Жетісу төрінде өткен екі ойынның біріншісінде Каспий жағалауынан келген клуб 95:87 есебімен басымдық танытты. Екіншісінің негізгі уақыты тең аяқталып, овертаймда "Қапшағай" баскетболшыларының бақтары жанды. Есеп – 88:84.

Енді командалар Талдықорғаннан Ақтауға барады. Келесі екі ойын 25 және 26 сәуір күндері Каспий жағасында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети